Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Жекпе-жек

Абиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өткен дзюдодан әлем чемпионатында өнер көрсетіп, қола медальға қол жеткізді. Ол әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Ширек финалда қазақстандық спортшы бразилиялық Наташа Феррейрамен кездесіп, Әбужақынова мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Финалға шығу үшін өткен тартыста қазақ қызы моңғолиялық Баасанху Бавуудоржға есе жіберді. Қола үшін өткен белдесуде отандасымыз түрік қызы Тугче Бедерді жеңді.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова мансабында екінші рет әлем чемпионатында үшінші орынға ие болды. Ол алғаш рет 2022 жылғы әлем чемпионатында жүлде алды.

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше өкілі, атап айтқанда, Ғалия Тынбаева мен Нұрқанат Серікбаев жарыс жолын аяқтаған болатын.

Сонымен қатар Елдос Сметов әлем чемпионатындағы өнерін сәтті аяқтады. Екі дүркін Олимпиада жүлдегері 60 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда өнер көрсетіп, бразилиялық Мишель Аугустодан айласын асырды. Ширек финалда Сметов ресейлік Аюб Блиевпен кездесіп, жеңіліп қалды. Ал жұбаныш белдесуінде Сметовтың қарсыласы жарыстан шеттетілгендіктен, ол үшінші орын үшін күреске қатысу құқығына ие болды. Алайда қазақстандық спортшы қола медаль үшін белдесуде жапониялық Таики Накамурадан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Елдос Сметов спорттық мансабында Әлем чемпионатында үш медаль иеленді. Ол 2015 жылы алтын, 2019 және 2022 жылдары қола жүлдегер атанды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz