Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеудегі алғашқы ойында ірі жеңіске жетті

20-25 мамырда Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтуде. Шымкенттегі Belline Arena ұлттық теннис орталығында Asia/Oceania Final Juniors Davis Cup іріктеу турнирінің бірінші ойын күнінің нәтижесі белгілі болды. Капитан Сергей Квак бастаған жігіттеріміз алғашқы ойында Өзбекстан құрамасына еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп 3:0.

Бірінші кездесуде Дамир Жалғасбай Даниил Квасовты 6:0, 6:3 есебімен ұтты. Заңғар Нұрланұлы Сухроб Саидовты 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, командасына екінші ұпай әкелсе, жұптық кездесуде Даниэль Тазабеков/Заңғар Нұрланұлы өзбекстандықтар Саидов/Квасовтан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті.

Алғашқы күнгі ойыннан кейін А тобында Қазақстан бірінші, Қытай екінші орында. Екі команданың да үш ұпайы бар. Бүгін, 21 мамырда Қазақстан құрамасы Қытай құрамасынан 0:3 есебімен ұтылып қалған Малайзиямен ойнайды.

Командалық әлем чемпионатына жолдаманы Қазақстан, Аустралия, қытайлық Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам, Иордания құрамалары сарапқа салуда. Өткен жылы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеуден сәтті өтіп, алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан еді.

Іріктеу сайыстарына қатысатын 16 команда төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне өтеді. Жартылай финалға өткендер әлем чемпионатына жолдама алады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz