Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей чемпионатының 30-шы турындағы матчқа қатысып, чемпиондық атаққа ие болды.
Нұралы «Ростовпен» өткен кездесуде негізгі құрамда өнер көрсетті. «Зенитке» чемпион атану үшін жеңіс және параллель матчта «Динамоның» жеңілісі керек еді. Сергей Семак шәкірттерінен соңғы минуттарда бразилиялық Артур жеңіс голын соғып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Динамо» сырт алаңда Краснодардан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, «Зенит» чемпионатты бірінші орынмен аяқтап, қатарынан алтыншы мәрте Ресей чемпионы атанды. Ал Нұралы Әліп үшін бұл Ресей Премьер Лигасындағы үшінші алтын медаль.
Айта кетейік, 2 маусымда «Зенит» Ресей кубогының суперфиналында «Балтикамен» ойнайды. Ресей чемпиондары жеңіске жеткен жағдайда «алтын дубль» жасайды.