Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Велоспорт

«Астана» шабандозы «Жапония турында» жеңіске жетті

Processed with VSCO with g6 preset

Astana Qazaqstan Development Team шабандозы Макс Уолкер «Жапония турының» жетінші кезеңінде жеңіске жетті.

Сагамихара қаласында өткен «Жапония турының» соңғы жетінші кезеңінің жарыс жолы 107 шақырымды құрады. Осы аптаның басында өткен прологты жеңіп алған Макс Уолкер тағы да жеңіс тойын тойлады.

«Кезең өте жылдам басталды. Шабуылдар көп болды. Команда тамаша жұмыс жасады және жарыс бойы барлық қауіпті шабуылдарға қатысты. Мәреге 20 шақырымдай қалғанда көшбасшы топтың басымдығы бар-жоғы он секундтай ғана болды. Сондықтан асу жолына жеткенде шабуыл жасауға бел байладым. Содан кейін алты-жеті шабандоздан тұратын топтың ішінде болдым, олармен тағы да шабуыл жасамас бұрын екі шақырымдай жол жүріп, топты үш адамға дейін қысқарттым. Соңғы айналымда үшеуміз бірге жақсы жұмыс істедік және мәреге жақындағанда спринтті бастап кеттім. «Жапония турындағы» екінші жеңісіме және команда үшінші жеңіске қол жеткізгеніне өте қуаныштымын.  Апта бойы біздің шабандоздар мен қызметкерлердің қолдауы тамаша болды», — деді Макс Уолкер.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы жарыста велошабандоз Александр Винокуровтың ұлы Николя Винокуров та жеңіске жеткен болатын. Ол 5-кезеңде мәре сызығын бірінші болып кесті.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz