Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

«Ролан Гаррос». Александр Шевченко екінші айналымға жолдама алды

Еліміздің екінші ракеткасы Александр Шевченко Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді. Қазақстандық теннисші Ресей өкілі Аслан Карацевпен (әлемнің 82-ші ракеткасы) ойнап, бес сетке ұласқан тартысты кездесуде 6:4, 4:6, 1:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Теннисшілер кортта 3 сағат 16 минут уақыт өткізді. Екінші айналымда Александр француз Корентен Мутеге қарсы ойнайды.

Шевченко Ресей құрамасы сапында 2024 жылға дейін ойнады. Бірақ, кейін Қазақстан азаматтығын алды. Ол қазіргі таңда ATP рейтингінде 59-шы орында.

Жалпы «Ролан Гаррос» турнирінің негізгі кезеңіне бес қазақстандық теннисші жолдама алды. Олардың ішінде әйелдер санатында екеу, ерлер санатында үшеу. Ойынның алғашқы күні, жексенбіде бұған дейін іріктеу турнирі арқылы негізгі кезеңге өткен Михаил Кукушкин (№136) кортқа шықты. Бірақ, ол венгриялық Фабиан Марожаннан (No43) жеңіліп қалды — 2:6, 2:6, 3:6.

Қалған қазақстандық теннисшілерге келер болсақ, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик — олардың барлығы Париждегі жарыс жолын сейсенбі, 28 мамырда бастайды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz