Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждің (Франция) топырақ төсенішті корттарында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты. Маусымдағы екінші «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында Рыбакина әлемнің 85-ші ракеткасы бельгиялық Грет Минненмен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 0:2 есебімен жеңіліп жатқанымен, ойынның бағытын өзгертті. Қатарынан алты ұпай жинап керемет камбэк жасады (6:2).
Екінші ойында Рыбакина қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті (6:2). Осылайша, бетпе-бет кездесудегі есеп қазақстандық теннисшінің пайдасына 3-0.
Бұл Рыбакина үшін Мадридтегі (Испания) турнирден кейінгі алғашқы кездесу болды. Одан кейін қазақстандық теннисші Римде (Италия) чемпиондық атағын қорғауы керек еді. Бірақ сырқатына байланысты турнирге қатысудан бас тартты.
Рыбакинаның «Ролан Гарростағы» келесі қарсыласы Аранча Рус (Нидерланды) — Анжелика Кербер (Германия) кездесуінің жеңімпазы болмақ.
Ролан Гаррос 2024 Парижде (Франция) 26 мамыр мен 9 маусым аралығында өтуде. Турнирдің қазіргі чемпионы — польшалық Ига Швентек екенін де айта кетейік.