Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Юлия Мясникова жарақат алды

Юлия Мясникова жарақатына байланысты Қазақстан әйелдер құрамасының алдағы матчтарында көмектесе алмайды. ЦСКА клубының қорғаушысы жарақатына байланысты Еуро-2025 іріктеу кезеңіндегі Арменияға қарсы өтетін екі ойынға қатыспайды. Сондай-ақ ол бұған дейін Ресей әйелдер суперлигасында ЦСКА-ның төрт ойынын өткізіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы екі матчқа дайындық өткізді. Мадияр Кембілов командасының оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласында өтті. Бүгін, 28 мамырда Қазақстан құрамасы Арменияға жолға шықты.

Біздің құрама алғашқы ойынын 31 мамырда Арменияға қарсы өткізеді. Матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz