Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Қазақстан құрамасының футзалдан Еуро-2026 додасына іріктеу тобындағы қарсыластары белгілі болды

Ньонда (Швейцария) футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы 6-топқа түсті және Армения, Дания және Албания құрамаларымен кездесетін болды. Еуропа чемпионаты 2026 жылдың 18 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Латвия мен Литвада өтеді.

Іріктеу турнир 2024 жылдың 9 желтоқсанында, яғни Өзбекстандағы Әлем чемпионатынан кейін басталады. Іріктеу «үйде/сырт алаңда» жүйесімен өтеді.

Осы орайда Пауло Рикардо Кака – Еуро-2026 іріктеу кезеңінің жеребесі туралы пікір білдірді.

«Албаниямен 2021 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде кездескен едік. Олардың құрамында да азаматтық алған ойыншылар бар. Жылдан жылға күшейіп келеді. Жалғыз проблема – жол ауыр болады. Дания да футзалды дамытуды қолға алды. Команданың тәжірибесі көп болмаса да, алға жылжу байқалады. Армения сапында біршама бразилиялық ойыншылар бар. Сол үшін УЕФА-мен біраз түсініспеушілік болған. Әзірге қандай футбол ойнайтынын білмейміз. Бірақ ӘЧ-2024 іріктеуі болашағынан зор үміт күттіретін командамен кездесетінімізді көрсетті», – деді Рикардо Кака.

Айта кетейік, 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан Армения, Дания және Албания құрамаларымен кездеседі.

Еуро қожайындары Латвия мен Литва финалға тікелей жолдама алады. Ал 2023 жылдың желтоқсан айындағы футзал бойынша УЕФА ұлттық құрамаларының рейтингінде үздік 34 команда іріктеуді негізгі кезеңнен бастайды. Оларға тағы үздік алты команда қосылды. Негізгі кезең топтарының он жеңімпазы финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Сегіз үздік екінші орын иегерлері 2025 жылдың қыркүйегінде плей-офф ойындарына қатысады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz