Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Нұралы Әліп «Зенит» сапында гол соқты

Қазақстан құрамасының және «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогының суперфиналында жеңіс голын соқты.

Екінші таймға қосылған бесінші минутта Әліп қақпа маңындағы шабуылға қосылып, «Балтика» қақпасын дәл көздеді. «Зенит» Мәскеуде өткен ойында Алекс Фернандестің 40-минутта соққан голынан кейін 0:1 есебімен жеңіліп жатқан болатын. 69-минутта Венделдің соққан голы есепке алынбады. Алайда «Зенит» бразилиялық Ниноның арқасында 81-минутта есепті теңестірді. Одан кейін қазақстандық футболшы гол соқты.

Осылайша, «Зенит» 2023/2024 жылғы маусымдағы барлық жүлделерді жеңіп алды: Ресей чемпионаты, ел кубогы және суперкубок.

Айта кетейік, матч аяқталған соң күтпеген жағдай орын алды. Нұралы Әліп Ресей кубогының суперфиналының марапаттау рәсімінде кубокты көтеремін деп кубоктың қақпағы оның басына түсті.

«Мен қақпақ кубокпен бірге деп ойладым. Бірақ ол құлап кетті …  Ештеңе етпес деп ойладым. Бірақ қолыма қарасам, қан бар, қан ағып жатыр. Жерге отыруға тура келді. Тіпті Тороппен соқтығысқанда мұндай жарақат алмағанмын. Жарақат 4-5 сантиметр» — деді Әліп.

Нұралы Әліп «Зенит» сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Оны «Зенит» алдымен «Қайраттан» жалға алып, кейін екі миллион еуроға сатып алған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz