Испания мен Хорватия құрамалары Еуро-2024 топтық кезеңінің бірінші турының матчын өткізді. Берлинде өткен В тобындағы кездесу 3:0 есебімен испаниялықтардың пайдасына аяқталды және барлық голдар бірінші таймда соғылды. 29-минутта Альваро Мората есеп ашты.
Екінші голды 32-минутта Фабиан Руис соқты. Ол айып алаңының сыртынан Доминик Ливаковичтің қақпасына дәл соққы жасады. Алғашқы таймның Таймның соңында қорғаушы Дани Карвахаль гол соғып, Еуропа чемпионаттары тарихындағы ең жас ойыншы Ламин Ямальдың шығарған пасын голға айналдырды.
Екінші таймда қос команда да шабуылдар ұйымдастырғандарымен, гол соғылмады. 80-минутта испаниялықтардың қақпасына пенальти белгілеп, Бруно Петкович соққы жасады. Алайда ағылшындық төреші Майкл Оливер VAR-ды тексергеннен кейін голды есепке алмады. Себебі пенальтиді орындау барысында ойын ережесі бұзылған.
Келесі турда Хорватия 19 маусымда Гамбургте Албаниямен ойнаса, 20 маусымда Гельзенкирхенде Испания мен Италия кездеседі. Бүгін осы төрттікте бірінші айналымның екінші кездесуі өтеді. Онда Италия Дортмундта Албаниямен ойнайды.