Бүгін, 18-маусым Еуропа чемпионатының фавориттерінің бірі Португалия құрамасы алаңға шығады. Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду үшін алдағы еуро алтыншы, бәлкім, соңғысы болады. Бұл ұлы бомбардирдің кезекті рекордтарының тағы біреуі. Португалия мен Чехия құрамалары Еуропаның соңғы сегіз чемпионатының ешқайсысын жіберген жоқ және өзара үш рет ойнады.
Лейпцигтегі «Red Bull» аренасында ойынның алғашқы ысқырығы бүгін Астана уақытымен 23:50-де естіледі.
Португалия құрамасының бас бапкері кім?
Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес. Бұл испаниялық бапкер «Уиган» және «Эвертон» командаларымен жұмысының арқасында танымал болды. Үлкен Манчестер округінің клубымен ол қазіргі уақытта өзінің жалғыз маңызды жүлдесі — 2012/13 жылғы Англия кубогының финалында «Манчестер Ситиді» жеңуі болды.
Португалия құрамасына тағайындалғанға дейін 50 жастағы маманның Бельгия құрамасымен жұмыс істеу тәжірибесі болған. Десе де, жергілікті футбол тарихындағы ең үздік буын (Кевин Де Брюйне, Ромелу Лукаку, Эден Азар, Дрис Мертенс, Венсан Компани және басқалары) Мартинестің қол астында бірде-бір титулды жеңіп алған жоқ. Ірі турнирлердегі ең жақсы нәтиже 2018 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші орын болды.
Соңғы сегіз жылда Португалия құрамасы Ұлттар лигасын ғана емес, Еуропа чемпионатын да жеңіп алды. Роберто Мартинес Португалия құрамасында 2023 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді және оның бас бапкер ретіндегі жұмысы осы уақытқа дейін ешқандай шағым тудырмағанын атап өткен жөн. Бәлкім бельгиялық жұлдыздармен алты жылдық тәжірибе бекер болмаған шығар. Ресми матчтардағы 100% жеңіс және іріктеу тобындағы бірінші орыннан еуроға жолдама алу, міне осының барлығы да Мартинестің арқасында.
Чехия құрамасының бас бапкері жайлы не білеміз?
Ал бес жыл бойы Чехия құрамасын Ярослав Шилгави жаттықтырды және ол өз міндетін өте жақсы орындады. Алдыңғы Еуроның ширек финалына шығу жанкүйерлердің жадында әлі күнге дейін сақтаулы. Бірақ, өткен жылдың соңында маман ақыры команда көшбасшыларымен араздасып, ұлттық құрамадан өз еркімен кетіп қалды (қазір Оман құрамасымен жұмыс істейді).
Шилгавидің орнына бұрын Таяу Шығыстың әртүрлі клубтарында және Ливан құрамасында жұмыс істеген Иван Гашектің келуі ең жақсы нұсқа болды деп айта алмаймыз. Аты аңызға айналған хоккей қақпашысы Доминик Гашектің немере ағасы өз елінің ұлттық құрамасын қабылдауы бірінші рет емес. 2009 жылы осы маманның жетекшілігімен Чехия Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионатының іріктеу кезеңін әрі аса алмады. Дегенмен, осы төрт ойында жеңілістің болмауы (екі жеңіс және екі тең ойын) чехтарға әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік бермеді. Себебі плей-офф аймағынан алшақтық төрт ұпайға дейін жетті.
Португалия құрамасынан қай футболшылар алаңға шығады?
Мартинес Германияға 26 футболшыны алып келді. Бұл нағыз тәжірибе мен жастық үйлесім тапқан құрама. Пепе мен Криштиану Роналду Еуро-2008-ге бірге барды (Роналдо өзінің мансабын 2003 жылы ұлттық құрамада бастады). Португалия Премьер-Лигасының өсіп келе жатқан жұлдыздары Жоао Невес, Антонио Силва және Гонсало Инасио финалдан кейін туды көтеруге дайындалып жатыр. Еуроға өтінімде «Баварияның» сол жақ қорғаушысы Рафаэль Геррейро мен өз клубтары үшін ойындарда жарақат алған «Аль-Насрдың» жартылай қорғаушысы Отавиодан басқа мықтылардың барлығына орын болды. Криштианудың әріптесі бастапқыда тіпті соңғы тізімге де қосылды, бірақ енді оның орнына турнирге «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Матеус Нунес келді. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, қазіргі Еуропа чемпионатындағы ең бағалы құрамалардың тізімінде Португалия үшінші орында тұр – 1,05 миллиард еуро. Ал Англия құрамасы 1,52 миллиард еуро, Франция 1,23 миллиард еуроға бағаланып отыр.
Үш дүркін «Алтын доптың» иегері Криштиану Роналду әлі де мықты және командаластары жасаған керемет мүмкіндіктерді голға айналдыра алады. Таяу Шығыста екі жыл ішінде Роналду мүмкін болатын сегіз жүлденің біреуін ғана жеңіп алды. Бірақ, ол әлі де ұлттық құрамада жоғары сұранысқа ие.
Роберто Мартинес Роналду жайлы және Португалия құрамасы
«Жас ойыншылар ұлттық құрамаға келгенде, олар адамды, ойыншыны және өздеріне ұнайтын кумирін көреді. Егер Пепе мен Роналду сияқты ойыншылар үлгі көрсетіп, тәжірибе қалдырса, олар кейінгі ұрпақты жақсы етеді», — деді Роберто Мартинес Роналдудың қазіргі Португалия құрамасындағы рөлі жайлы.
Бруну Фернандеш – тек Манчестер Юнайтедте ғана емес, ұлттық құрамада да басты пас беруші және шабуылдарды ұйымдастырушы. Онсыз, Роналду сияқты қазіргі Португалия құрамасын елестету мүмкін емес. Бернардо Силва бірнеше жыл бойы ең жоғары деңгейде өнер көрсетуде. Рафаэль Леао, бәлкім, португал футболшыларының басты таланттарының бірі болуы мүмкін және көпшілік оның алдағы Еурода команданың көшбасшысы ретінде өзін толық көрсетуін күтуде.
Чехия құрамасының ойыншылары жайлы
Жаңа ғасыр басында (2003 жылы) чех футболшысы да «Алтын допты» жеңіп алды. Бұл аты аңызға айналған «Ювентус» жартылай қорғаушысы Павел Недвед. Ал қазіргі Чехия құрамасынан мұндай деңгейдегі ойыншыларды таба алмайсыз. Алдыңғы Еуроның қаһармандары – Патрик Шик, Владимир Цоуфал және Томаш Соучек. Оларсыз Чехия құрамасын елестету қиын. Жаңа буыннан жақын арада испаниялық «Жиронаның» ойыншысы атанатын орталық қорғаушы Ладислав Крейчиге назар аударған жөн. Прагалық «Спарта» капитаны (бұрынғы) ұлттық құрамада тек қорғаныста ғана емес, шабуылда да маңызды рөл атқарады.
Бас төреші
Португалия – Чехия арасындағы матчта төреші Марко Гуида қызмет атқарады. Италиялық маман 2023/24 маусымында түрлі ішкі және халықаралық турнирлерде 27 матчта жұмыс жасады.
Бүгінгі матч жайлы
Бүгін Португалия құрамасы шеберлігі жағынан Чехия құрамасынан бір бас жоғары. Әлемнің жұлдызды футболшылры доп тебетін Португалия құрамасы ойынның айқын фавориті екені сөзсіз.