Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қазақстандық командалардың Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

«Ордабасының» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Ньонда өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша «Ордабасы» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Петрокуб» клубымен кездесетін болды. Алғашқы матч 9/10 шілде шымкенттік клубтың өз алаңында, ал қарымта ойын 16/17 шілде Молдовада өтеді.

Ал «Ружомберок» – еурокубоктағы «Тобылдың» қарсыласы. Қостанайдың «Тобылы» УЕФА Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Ружомберок» клубына қарсы ойнайды. Алғашқы ойын 11 шілдеде Словакияда, қарымта матч 18 шілдеде Қостанайда өтеді.

Сонымен қатар «Ақтөбе» Конференция лигасының бірінші кезеңінде «Сараевомен» кездеседі. Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция лигасы алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша «Ақтөбе» биылғы еурокубоктік жорығын босниялық «Сараево» клубына қарсы бастайды. Алғашқы кездесу 11 шілде күні Ақтөбеде, ал қарымта ойын 18 шілдеде Босния және Герцеговина астанасында өтеді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz