Бұл ойында Албания құрамасы сапынан Гясуля өзі мәселе туғызып, сол мәселені өзі шешті.
Хорватия мен Албания құрамалары Еуро-2024 додасының топтық кезеңінің екінші тур ойындарын ашты. Гамбургте өткен В тобындағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталып, сенсация орын алды. Албания 11-минутта Казим Лачидің голынан кейін бірінші болып алға шықты.
Албаниялықтар ұзақ уақыт есепті сақтап тұрғандарымен, екінші таймда 74-минутта Андрей Крамарич есепті теңестіріп кетті – 1:1.
76-минутта хорваттар тағы бір нәтижелі шабуыл жасап, албаниялық жартылай қорғаушы Клаус Гясулидің байқаусызда өз қақпасына гол соғып алды. 95-минутта Гясуля антиқаһарманнан кездесудің қаһарманына айналып, шешуші голды соқты – 2:2.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші турда хорваттар Испания құрамасынан 0:3 есебімен жеңілсе, албаниялықтар Италия құрамасына 1:2 есебімен ұтылып қалды.
Енді Хорватия 24 маусымда Лейпцигте Италиямен ойнаса, дәл сол күні Дюссельдорфта Албания мен Испания кездеседі.