«Атырау» «Тобылды» 4:0 есебімен жеңіп, қостанайлық ұжымның тас-талқанын шығарды.
Футболдан Қазақстан кубогының 1/2 финалында «Атырау» мен «Тобыл» ойнады. Атырауда өткен кездесу кубоктың қазіргі иегерлері саналатын қостанайлықтардың жеңілісімен (4:0) аяқталды.
18-минутта мұнайшылар беларусь Николай Сигневичтің күшімен алғашқы голды соқты. Бірінші таймда алаң иелері қостанайлықтарды тағы да қапы қалдырды. 40-минутта словакиялық легионер Якоб Новак есепті еселеді. 53-минутта Синьевич дубль жасаса, соңғы есепті 99-минутта Ринат Дужматов орнатты. Осы жолы да алдарында азулы қарсылас болғанымен, қостанайлықтардан еш қаймықпай, финалға шығуға лайық екендіктерін көрсетті.
«Елімай» мен «Ақтөбе» футболдан Қазақстан кубогының финалистін анықтады. Семейде өткен турнирдің 1/2 финалының қарымта кездесуі алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. 36-минутта Максим Самородов соққан голдан кейін бірінші болып ақтөбеліктер алға шықты. Одан кейін алаң иелері екі рет гол соқты: 51-минутта Роман Мұртазаев, 59-минутта Дмитрий Шомко гол соқты. 58-ші минуттан бастап Габи Кики алаңнан қуылғаннан кейін ақтөбеліктер азшылықта ойнады. Алайда бұл алаң иелеріне өз басымдықтарын дамытуға мүмкіндік бермеді. Бір айдың ішінде 3 рет кездескен ұжымдар барлығында жанкүйерлердің іштерін пыстырмады.
2:1 есебімен жеңіс «Елімайға» Қазақстан кубогының финалына шығуға мүмкіндік бермеді. Себебі «Ақтөбе» жалпы есепте жеңіске жетіп, финалда «Атыраумен» кездесетін болды.
Қазақстан Кубогының финалдық ойыны 29 қыркүйек күні өтеді.