Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Әмір Маймұратов Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Әмір Маймұратов  Будапешттегі (Венгрия) іріктеу турнирінен  сәтті өтті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық коммитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшы жылдамдық  бойынша финалға жетіп, күміс жүлде иеленді. Шешуші сында ол қытайлық У Пэнге есе жіберді.

Іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрды. Біріншісі  Шанхайда,  екіншісі Будапештте өтті.  Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек. Маймұратов жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы қоржынға  салды.

Айта кетейік, 28 жастағы Маймұратов спорттық өрмелеуден алдағы жазғы ойындарға Қазақстандық спортшылар арасында жолдама алған алғашқы өкіл. Сонымен қатар, бір күн бұрын спортшы 15 метр биіктікке өрмелеуден Қазақстан рекордын орнатқан болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz