Қазақстан премьер-лигасының 12-турының матчында «Астана» сырт алаңда «Қызыл-Жарды» жеңді. Петропавлда өткен кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 70-минутта пенальтиден Эльхан Астанов соқты.
Командалар маусымды сәтті бастағанымен, қос ұжым да жеңістің дәмін сәуір айынан бері сезе алмады. Кесірінен клубтар әлі де турнир кестесінің екінші бөлігінде тұр. Елордалық клуб үшін бұл Қазақстан чемпионатындағы соңғы бес кездесудегі алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін «Астана» «Ақтөбе» және «Қайсар» командаларымен тең (екі рет де 1:1) түсіп, «Атырау» мен «Ордабасыдан» (екі рет 0:1) ұтылған болатын. «Астана» 15 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде сегізінші орында тұр. «Қызылжар» он ұпаймен оныншы орынға жайғасты.
ҚПЛ-2024 12-турының матчында талдықорғандық «Жетісу» мен қызылордалық «Қайсар» өзара мықтыны анықтады. Талдықорғандағы кездесу 2:1 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Бірінші болып «Қайсар» ойыншылары алға шықты. Валерий Громыко екінші минутта гол соқты. 21-минутта есепті теңестірген Серікжан Мужиков 32-минутта пенальтиден мүлт кетіп, «Жетісуды» алға шығаратын мүмкіндікті жіберіп алды. 67-минутта Руслан Юденков қонақтарға жеңіс әкелді. Мужиков алаңнан қуылғаннан кейін алаң иелері 90-минутта 10 ойыншымен қалғанын да айта кетейік.
Бүгін, 23 маусымда футболдан Қазақстан чемпионатының 12-турының қалған ойындары — «Атырау» — «Тобыл» (18:00), «Жеңіс» — «Ордабасы» (18:00), «Ақтөбе» — «Шахтер» (20:00), «Тұран» — «Елімай» (20:00) команадалары арасында матч өтеді.