Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Қазақ теннисінің шоқжұлдызы Уимблдонға қайта оралды

Зарина Дияс Лондонда өтіп жатқан Уимблдонға іріктеу турнирін сәтті  бастады.

Қазақстандық теннисші таиландтық Мананчая Савангкаевты бірінші айналымда 7:5, 7:5 есебімен ұтты. Келесі айналымда Зарина америкалық Сачиа Викеримен кездеседі. Матч 26-маусым Астана уақытымен 15:00-ге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина жарақатына байланысты екі жылға жуық алаңға шықпады. Алайда, мансабын қайта жалғастырғаннан кейін ол ITF сериялы екі турнирге қатысты.

Қазақстандық теннисші соңғы рет Ноттингемде (8-16 маусым) WTA 250 сериялы турнирінің негізгі жеребесіне өте алмады. Іріктеу кезеңінің бірінші кезеңінде ол әлемдік рейтингте 164-ші орында тұрған 26 жастағы аустралиялық Кимберли Биррелге есе жіберген болатын. Шөп төсенішті корттарда өткен кездесу 6:1, 6:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz