Турнирдің бірінші айналымында еліміздің үздік теннисшісі Александр Бубликтің чехиялық Якуб Меншикпен кездесуінде жеңімпазды анықтау үшін бес сет қажет болды.
Алғашқы екі сет 18 жастағы чехиялық теннисшінің еншісінде болды – 6:4, 7:6(2). Үшінші сетте Меншик басымдылығын дамытуға тырысып, 2:1 есебімен алға шықты. Дегенмен, Бублик өзін-өзі жинақтай алды – 6:4. Төртінші сетте де тартысты жекпе-жек өтті. Теннисшілер кезек-кезек алға шығып отырды – 2:1, 3:2, 4:3. Нәтижесінде қазақстандық теннисші соңғы сетті өз еншісіне жазды– 6:4. Шешуші сетте Александр қарсыласына жеңіске жетуге еш мүмкіндік қалдырмады – 6:2. Матч үш сағат 29 минутқа созылды. Қорытынды есеп 6:4, 7:6, 4:6, 4:6. 2:6, Александрдың пайдасына.
Қазақстандық теннисші келесі айналымда Зизу Бергс (Бельгия) — Артур Казо (Франция) арасындағы кездесудің жеңімпазы Артурмен 3-шілде күні ойнайды. Ал турнирдің іріктеу кезеңінде Бергс қазақстандық Денис Евсеевті ұтқанын айта кетейік.
Ал Александр Шевченко әлемнің 16-шы ракеткасы франциялық, Уго Умберден 1:6, 6:4, 6:7, 7:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Алксандр Шевченко үшін «Уимблдон» турнирі мәресіне жетті.