Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Хоккей

«Барыс» танымал ресейлік хоккейшімен келісім-шарт жасады

«Барыс» Дамир Жафьяровпен келісім-шарт жасағанын хабарлады. Ресейлік шабуылшымен біржақты келісім 2025 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға жарамды.

Жафьяров Құрлықтық хоккей лигасында 650-ге жуық кездесу өткізген. Осы жылдар ішінде Новокузнецкінің «Металлург», Новосібірдің «Сібір», «Торпедо» және «СКА» командаларында өнер көрсетті. Дамир өткен маусымды «Ақ Барста» бастады (16 ойында 1+1), содан кейін «Авангардқа» ауысты (37 ойында 4+15, плей-оффты қоса есептегенде).

Бойы 174 см, салмағы 77 келі Дамир Жафьяровтың жасы 30 да және солақай екенін айта кетейік.

Елордалық команда мен ресейлік шабуылшы арасында ресми келісім-шарт жасалғаннан кейін «Барыстың» бас менеджері Олег Болякин Дамирге қатысты өз пікірін білдірді.

«Жафьяров арнайы таныстыруды қажет ететін хоккейші емес. Оның ойындағы шеберлік қасиеттерін Давид Немировски жақсы біледі. Кезінде Дамир «Торпедода» көшбасшылардың бірі болған. «Барыста» нәтиже көрсете алатын негізгі ойыншыға айналады деп сенеміз», — деді Олег Болякин.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz