Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчтарының кестесі белгілі болды

Еуро-2024 додасының 1/8 финалдық соңғы екі ойын өтті. Германиядағы турнирдің ширек финалындағы соңғы орындарды Нидерланды мен Түркия құрамалары жеңіп алды. Осылайша, «қызғылт сарылар» өз кездесуінде Румыния құрамасын 3:0 есебімен жеңсе, түріктер аустриялықтардан (2:1) мықты болып шықты.

Еуро-2024 1/4 финалының матчтарының кестесі

5 шілде, 21:00. Испания – Германия

5 шілде, 23:50. Португалия — Франция

6 шілде, 21:00. Англия — Швейцария

6 шілде, 23:50. Нидерланды — Түркия

Ширек финалдың барлық матчтарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтуде. Қазіргі чемпион 1/8 финалда Швейцариядан сенсациялық түрде ұтылып қалған Италия құрамасы. Еурода чемпиондық атанқты ең көп жеңген командалар – Германия мен Испания. Олар турнирдің үш дүркін жеңімпаздары.

Биылғы Еуропа Чемпионатының жалпы жүлде қоры 331 млн еуроны құрайды. Еуропа Чемпионатына жолдама алған 24 команда 9,25 млн еуро (4,5 млрд теңге) алады. Топтық кезеңдегі жеңіс үшін — 1 млн еуро, тең ойынға — 500 мың еуро төленеді. Еуропа Чемпионатында барлық ойында жеңіске жеткен команда 28,25 млн доллар көлемінде табыс табады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz