Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

«Ақтөбе» өз алаңында «Сараеводан» жеңіліп қалды

Бүгін, 11 шілде күні үшінші деңгейлі Конференция лигасының бірінші кезеңінде «Ақтөбе» клубы Босния және Герцеговина чемпионатын 4-орынмен аяқтаған «Сараевомен» өзара мықтыны анықтады. Transfermarkt cайтының мәліметтеріне сәйкес, «Сараево» ойыншыларының құны 12,30 милллион еуроға бағаланса, «Ақтөбенің» құрамы 9,60 млн еуроны құрайды. Қонақтардың бас бапкері Зоран Зекич бұған дейін Албания чемпионы «Партизаниды» баптап, 2023 жылы Конференция лигасының плей-оффында «Астанаға» қос матчтың қорытындысы бойынша 1:2 есебімен жеңілген.

Бұл жолы кездесу Ақтөбеде өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Алаң иелері барлық жағынан қарсыластарынан басым көрінді. Дмитрий Парфеновтың шәкірттері доп айырмашылығымен жеңіске жетуі керек еді. Алайда қақпаға доп бағыттаған Максим Самородовқа да, басқа «қызыл-ақтардың» ойыншыларына дәлдік жетпеді.

Қонақтар сирек шабуылдармен жауап беріп, Игорь Шацкий қақпасына гол соқты. Фрэнсис Киреме 90-минутта қашықтықтан әдемі және дәл соққымен есеп ашты. Командалардың қарымта кездесуі 19 шілдеде Сараевода өтеді. Екінші іріктеу кезеңіндегі матчтың жеңімпазы «Трнава Спартак» клубымен (Словакия) кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz