Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Мадияр Кембілов: «Ойынға барлық тұрғыдан дайынбыз»

Бесағаштағы «Қайрат» футбол клубының базасында Қазақстан әйелдер құрамасының Еуро-2025 іріктеу кезеңіндегі қорытынды матчтарға арналған оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

Біздің қыздар Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді. Бүгін, 12 шілдеде Алматыда командамыз Румынияны қабылдаса, артынша 16 шілде күні сырт алаңда Болгариямен ойнайды. Осы орайда Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері  Мадияр Кембілов ЕУРО-2025 іріктеу кезеңіндегі Румынияға қарсы матч туралы пікірін білдірді:

– Ойынға дайындығымыз жақсы өтті. Команда ішіндегі атмосфера жақсы. Футболшылар өзара жақсы тіл табысып кетті. Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр.

– Команда құрамы қалай жасақталды? Барлық ойыншы қатарда ма?

– Қатарға капитанымыз Юлия Мясникова қосылды. Өздеріңіз білетіндей, жарақатына байланысты Арменияға қарсы екі матчқа қатыса алмады. Қазір командамен бірге. Өкінішке қарай, Қазақстан чемпионатында БИІК-тің екі ойыншысы Ксения Хайруллина мен Алина Лозукова жарақат алды. Дегенмен өзге қыздарымыз бабында. Мүмкіндіктерін пайдаланатын уақыты келді. Бәрі жақсы болады деп сенемін.

– Өз алаңымыздағы соңғы матчты өткіземіз. Ойыннан не күтесіз?

– Ойыннан көп нәрсе күтеміз. Ұпай алуымыз қажет. Оның үстіне, өз алаңымызда ойнаймыз. Жанкүйерлер, ойыншыларымыздың туыстары келеді. Қыздар үшін үлкен жауапкершілік бар. Алдағы ойынға рух пен жігермен шығып, айқаста жеңімпаз атануға тырысамыз.

– Қарсылас туралы не айтасыз?

– Румынияның ойыншылары Еуропаның белді чемпионаттарында өнер көрсетеді. Топтың көшбасшы командасы. Бірақ біз өз алаңымызда ойнаймыз. Сондықтан әр жанкүйердің қолдауының арқасында жеңіске жетеміз деп сенемін.

– Румынияға қарсы алғашқы ойында минималды есеппен жеңіліс таптық. Матчтан кейін қателікпен қандай жұмыс істелді?

– Бірінші ойында жеңіліс таптық. Бірақ көп жұмыс атқарылды. Алдағы ойында нәтижесін көрерміз. Қосымша жоспарымыз да бар. Сол себепті қазір бәрін айтудың қажеті жоқ шығар. Ойынға барлық тұрғыдан дайындалдық. Менталды жағынан да, психологиялық тұрғыдан да дайынбыз.

Румынияға қарсы ойын бүгін Алматының «Орталық» стадионында өтеді. Басталу уақыты – 19:00-де. Ал төрт күннен кейін Мадияр Кембілов шәкірттері Болгариямен София қаласындағы «Славия» стадионын кездеседі. Ойынның басталуына сағат 22:00-ге жоспарланған.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz