Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Қос мықтының айқасы

Еуропа чемпионы атағына қай команда лайық?

Сонымен, бүгін финал. 24 команданың қатысуымен өткен төрт апталық қызықты турнирден кейін біз енді ЕУРО классикасына айналуға толық мүмкіндігі бар финалды тамашалаймыз. Көпшілік үшін Испания өзінің жалынды шабуылымен баурап алатын турнирдің ең үздік командасы екені сөзсіз. Луис де ла Фуэнте ардагер ойыншылар Родри мен Альваро Моратаның тәжірибесін жас Ламин Ямаль мен Нико Уильямстың талантымен ұштасыруда.

Финалда испаниялықтар Англия құрамасына қарсылас атанды. Олар жәй басып, ақырында қатарынан екінші рет финалға шықты. Алаңға алмасып шыққан Олли Уоткинстің жартылай финалдың соңында Нидерландыға соққан голы Гарет Саутгейттің шеберлігін тағы бір рет көрсетті.

Англия ЕУРО-2020 финалында өз алаңында Италиядан пенальтилер сериясында жеңілді. Олар финалда жеңілудің не екенін біледі. Сондықтан Берлиндегі матчқа психологиялық тұрғыдан да дайындалары сөзсіз.

Ал, қос команданың бапкерлері не дейді?

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте:

«Менің командам бұдан да жақсы ойнай алатынын білемін. Олай болатынына сенімдімін. Футбол идеясының өзі өзіне деген сенімділікке негізделген. Финалда мүлдем басқа ойын болатынына сенімдімін және бізде әлі де прогреске орын бар» — деді Луис де ла Фуэнте.

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт:

«Мен Англияны шетелдегі алғашқы ірі финалға шығарғанымды мақтан тұтамын. Енді біз турнирде осы уақытқа дейін ең үздік болған Испанияны жеңгіміз келеді. Бұл қиын болады. Олар қатты қысым жасайды. Сондықтан бізге доппен де, допсыз да жақсы жұмыс жасау қажет.. Бұл финал. Басқаша болуы мүмкін емес», — деді Гарет Саутгейт.

Сарапшылар пікірі

Испания құрамасының тілшісі Грэм Хантер:

«Испанияның ЕУРО-2020 жартылай финалында Италияға қарсы қаншалықты жақсы ойнағанын ескерсек, дәл осындай кездесу Уэмблиде өткен турнирдің финалында өтуі мүмкін еді. Испаниялықтар мұнда жұмыс істеу үшін келді және жартылай финалда Францияны жеңгеннен кейінгі қуаныштарын аса байқата қоймады. Шынымды айтсам, Испания құрамасының әлеуеті біз көргеннен де жоғары сияқты көрінеді маған», — деді Грэм Хантер.

Англия тілшісі Джозеф Терри

«Англияның плей-офф кезеңіне өтуі оңайға соқпады. Соңғы секундтардағы ғажайып сейв, пенальтилер сериясы, Уоткинстің 91-минутта голландықтардың қақпасына соққан керемет голы. ЕУРО-2020 финалында пенальтиден жеңілген Саутгейт командасының ұлттық спортта табысқа жетуге ұмтылған ел үшін жүлдені жеңіп алуға тағы бір мүмкіндігі бар», — деді Джозеф Терри.

Еуропаның қос мықты командасы арасындағы матч бүгін, 14-шілде, Астана уақыты бойынша 23:50-де басталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz