«Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында «Челленджер» сериясы бойынша Президент кубогы турнирі мәресіне жетті.
Астанада өткен Челленджер 50 турнирінің финалында болгариялық Димитар Кузманов грузин Саба Пурцеладзеден (533 ATP) — 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Бұл атақ үшін Кузманов 50 рейтингтік ұпай мен 5660 АҚШ доллар сыйақы алды.
«Мен бүгін тек 7-ші матч-болдан кейін ғана жеңіске жеттім. Титулды қайтадан жеңіп алу керемет. Испаниядағы соңғы жарыстан бері үш жыл өтті. Челленджерде жеңіске жету оңай емес. Сондықтан мен мансабымдағы екінші жүлдені жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Бұл керемет турнир. Мұнда жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», — деді жаңа чемпион.
Ал жұптық сайыста Денис Истомин (Өзбекстан)/Евгений Карловский (Ресей) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген ресейліктер Егор Агафонов пен Илья Симакин жеңімпаз атанды.