Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Жасөспірім теннисшілеріміз Сербияда өткен жарыста үздік шықты

Қазақстандық теннисшілер 12 және 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында табысты өнер көрсетті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Сырымжан Барлықов Сербиядағы турнирде 12 жасқа дейінгілер арасында жекелей сында финалға дейін жетіп, корт иесі Никола Йотичке қана есе жіберді – 1:6, 2:6.

Барлықов тағы бір қазақстандық Эмир Айтбаевпен бірге жұптық сында соңғы бәсекеде болгариялықтар Владимир Стойменов – Даниель Васевті 6:2, 6:4 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Германияның Аугсбург қаласында Аңсар Ниетқалиев финалда ғана неміс теннисшісі Лоренцо Руннерге жол берді – 2:6, 2:6.

Аустрияда Мариям Нұржан ресейлік Дарья Беляковамен бірге шешуші матчта аустриялықтар Юлия Эхренбергер – Мия Ньюмюллерден 1:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz