АҚШ командасы бірінші орында, бірақ Аспан асты елінің спортшылары да қалысар емес.
АҚШ құрамасы Олимпиаданың аяқталуына үш күн қалғанда командалық есепте медальдар саны бойынша көшбасшылықты сақтап қалды. Бейсенбіде америкалықтар үш алтын медаль жеңіп алды (барлығы жеңіл атлетикадан) және басты қарсыластары Қытайдың алға шығуына мүмкіндің бермеді. АҚШ-тың әзірге 103 (30 – 38 – 35) жүлдесі бар.
Алайда қытайлықтар ойындардың 13-ші күнінде басты бәсекелестерінен қалыспай, төрт алтын медаль иеленді: ауыр атлетика, суға секіру, бокс және каноэде ескек есу. Қазір Аспан асты елінің қоржынында 73 (29 – 25 – 19) медаль бар.
Олимпиаданың қалған үш күнінде 80-нен астам медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қытайдың бірінші орынға таласуға мүмкіндігі бар. Дегенмен кейбір командалық жарыстардағы көшбасшылығын ескере отырып, АҚШ-тың мүмкіндігі көбірек.
44 (18 – 14 – 12) медальмен Аустралия командалық есепте үшінші орынды сақтап қалды. Франция әлі де төртінші орында (14 – 18 – 21). Бірақ Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және Жапония Францияға медаль саны бойынша біртабан жақын. Сондықтан бұл көрсеткіштер алдағы жарыс күндері әлі де жаңарады.
Бейсенбі, 8 тамыз, Париж Олимпиадасының 13-ші жарыс күні Қазақстан құрамасы медаль иелене алмады. Өкінішке қарай үміт артқан спортшыларымыз ширек финалдан әрі аса аспады.