Грек-рим күресінен Парижде өткен ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа құрмет көрсетілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Демеу Жадыраев Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылының тумасы. Қазір Алматы облысының намысын қорғап жүр. Сондықтан спортшығы екі аймақта да сый-құрмет көрсетілуде.
Кеше Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Демеу Жадраевқа «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Ол салтанатты шарада спортшының анасы Күлипа Бижановаға Жаркент қаласындағы жаңа үйдің кілтін табыс етті.
Бүгін туған жері Панфилов ауданында Олимпиаданың күміс жүлдегеріне Toyota Land Cruiser 300 көлігі мен 50 мың доллар ақшалай сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ Алматы облысы Талғар қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары – спортшының алғашқы жаттықтырушысы Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа Haval автокөліктерінің кілті табыс етілді.