Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футзал

Рикардо Кака: Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака әлем чемпионаты қарсаңында өтіп жатқан Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны туралы айып берді.

— Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Жігіттер жақсы физикалық жағдайда келді. Нағыз өз ісінің шеберлері. Демалыста берген тапсырмаларды орындап, осында қажет деңгейде келді.

Леоның жоқтығына келер болсақ, қазір ол клубының сапында жаттығып жүр. Жақында Балтика Кубогына қатысады. Бұған оның құқығы бар. Өйткені әлі FIFA уақыты басталған жоқ. Десе де клуб Леоны 26 тамыздан бастап жіберуге келісті. Ал FIFA уақыты тек 1 қыркүйектен басталады. 

Дуглас осы аптада командада болмады, өйткені кішігірім ота жасатты. Артық күш салуға болмайды. Сондықтан Бразилияда толық ем-домын алып, дүйсенбіден бастап жаттығуға кірісуге келісімге келдік. 

Жас жігіттер – бұл біздің болашағымыз. Қазір олар құрамдағы өзге жігіттермен бәсекелес емес шығар. Бірақ жоғары деңгейлі футболшылармен бірге жаттығып, бірге жүріп тәжірибе жинайды, деңгейлері өседі. Болашақта ұлттық құраманың негізгі ойыншылары болатынын күтеміз. 

Семен Тарасенконың мақсаты — жаттығу процесіне кірісіп, тәжірибе жинау. Өйткені алда U-19 құрамасының жиыны басталады. Ол осы құраманың көшбасшыларының бірі. Осыны ескере отырып, оған тәжірибе жинап, бабына келіп, нағыз көшбасшы болуына мүмкіндік берейін деп шештім. Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде команда көшбасшыларының біріне айналуы қажет.

Әрине, ойындарда лық толы болатынына, басым бөлігі біздің жанкүйерлер болатына сенемін. Өйткені қазірден билеттерді сатып алып, оның қиын екенін айтып жатыр. Бірақ бәрі өз орнымен болуын ескеруіміз керек. Қолдау қысымға айналып кетпесе екен дейміз. Сол себепті қазірден футболшылармен психологиялық тұрғыдан жұмыс істеп, команданың пайдасына шешілсе екен дейміз, — деді Кака.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталды. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасады. Артынша команда 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Екінші ОЖЖ барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамыз күндері «Сайран Аренада» ойнайды.

Сосын Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйек күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында өтеді. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. ОЖЖ-ға 21 футболшы шақырту алды. Нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Айта кетейік, биыл Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz