Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранға қарсы алғашқы ойында жеңіске жетті. Кездесудегі есепті Дәуреннің пасынан Жаһангир Рашит ашса, араға санаулы минут сала Дуглас ирандықтардың қақпасына екінші голды соқты. Екінші таймның басында Ақжол Дәрібай қанжығасын майлап, Иран қақпасынан сәтті саңылау тапқан Шыңғыс Есенаманов ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп 4:1, Қазақстан құрамасының пайдасына.
Бұған дейін Қазақстан Тәжікстанды екі рет 3:0 және 4:3 есебімен ұтқан болатын.
1 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Астанада Иранмен кезекті ойынын өткізеді. Ал 8 қыркүйекте Алматыда Аргентина құрамасымен (2016 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалистері) жолдастық кездесу өтеді.
Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал 15 қыркүйекте Өзбекстанда өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатында Испаниямен матч басталады, сонымен қатар біздің топта Ливия мен Жаңа Зеландия командалары да бар.