Қазақстан Премьер-лигасының қатарынан 4 кездесуінде «Ақтөбенің» голдарын қорғаушылар мен жартылай қорғаныстағы футболшылар соққан. Соңғы рет «Ақтөбенің» мақсаты гол соғуы тиіс ойыншылары «Жеңіске» қарсы матчта бір ерекшеленді. Ыдырыс Умаев кездесу соңына қарай мергендігімен көзге түсті. Осыдан кейін ақ-қызылдар «Атыраумен» (1:1), «Қайсармен» (1:1), «Ордабасымен» (1:1), және «Елімаймен» (1:3) бақ сынасты.
Бірақ тізбектеп берген ойындарда біз аттай қалап алдыртқан доминикандық Дорни Ромеро, Жайро Жан, Амаду Думбия және Ыдырыс Умаевтың нәтижелелігін көре алмадық. Осындай ойындардан кейін команда бапкері Дмитрий Парфенов қызметінен кетті. Мәселен тамыз айынын басында «Ақтөбемен» қош айтысқан Максим Самородов әлі күнге дейін ақ-қызылдардың үздік сұрмергендері көшінде (5 гол). Команда алдағы ойындарда шабуылдағы үңдестігін таба алмаса, онда чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен құр қалады.