Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Рикардо Кака әлем чемпионаты алдында Испанияға қарсы өтетін матчқа қатысты пікір білдірді.
— Біз мұнда 11 қыркүйекте келдік. Тез жетеміз, көршілермен ойнаймыз деп ойладық. Бірақ жол оңайға соқпады. Бірақ, бабымызға келіп, екі оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бүгін біз матчтарымызды өткізетін жерде жаттығамыз. Дегенмен, әртүрлі паркет, әртүрлі корт, біз оған және ойын жағдайларына үйрене бастаймыз.
— Матч ертең болады. Ал бүгінгі жаттығу қаншалықты маңызды? Төсеніштің айырмашылығы неде
— Ұлттық құрама тарафлексте (арнайы линолеум) қашан ойнағаны есімде жоқ. Міне, біз екі рет жаттығу жасадық, ертең ойнаймыз. Мұнда барлығына бірдей жағдай жасалған.
— Испания құрамасы туралы бірер сөз. Сіз кімге назар аудардыңыз және ойынды қалай талдадыңыз?
– Қолымыздан келгенше сараптама жасадық. Біз өз күшімізбен ойнайтын командамыз. Қарсыласқа көп талдау жасадық. Испания – Испания, бұл футзал әлеміндегі алпауыт команда. Оның жақсы және әлсіз жақтары бар. Біз ертең олардың күшті жақтарына тойтарыс беруге тырысамыз. Біздің ойымызша, табысқа жетуге мүмкіндігіміз бар.
— Егер команда құрамы туралы айтатын болсақ, соңғы минутта қандай өзгертулер енгізгіңіз келеді?
— Біз қосымша ойыншы алдық. Соңғы жаттығуға дейін, жарақат алған жағдайда немесе күтпеген оқиға болған жағдайда ауыстыруға бір ойыншымыз бар. Бірақ тізімдегі 12 ойыншы Испаниямен ойынға қатыса алады деп үміттенеміз.
Ертең, 15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Қазақстандық команданың бірінші қарсыласы испаниялықтар болады. D тобындағы кездесу Әндіжанда өтеді.
Ұлттық құрама екінші ойынын да Әндіжанда 18 қыркүйекте Ливия құрамасымен өзара мықтыны анықтаса, төрттіктің финалдық ойынын 21 қыркүйекте Ташкентте Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.