Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турындағы ойында Ливия құрамасын жеңді.
«D» тобының Әндіжандағы кездесуі 4:1 есебімен Рикардо Кака шәкірттерінің пайдасына шешілді. Бұл кездесудегі бес голдың төртеуі бірінші таймда соғылды.
Қазақстан құрамасы бірінші болып 15-минутта Сухайб Әл Гулдың автоголымен алға шықты. Ливиялықтар 17-минутта есепті теңестірді. Мохамед Хамис Лео Игита қорғайтын қақпаны дәл көздеді.
Әйтсе де, Біржан Оразов Қазақстанды алға шығарса, бір минутқа жетпей Жаһангир Рашит есепті еселей түсті – 3:1. 35-минутта Альберт Ақбалықов қорытынды есепті орнатты.
Айта кетейік, D тобының екінші турындағы Ливия — Қазақстан ойыны Әндіжанда өтіп жатыр. Бірінші турда Қазақстан құрамасы Испаниямен тең ойнады – 1:1. Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен D тобында көш бастады. Ливияның үш ұпайы бар, Испания мен Жаңа Зеландияда әзірге ұпайы жоқ.