Қонақта өткізген екінші кездесуінде «Барыс» «Сочиден» басым түсті.
Медициналық себептерге байланысты кездесуге Роман Старченко мен Әлихан Өмірбеков қатыса алмады. Капитандық жауапкершілік Аркадий Шестаковқа артылды. Бұл матчқа қатысқан ойыншылар тізімінде Александр Борисевич пен Дінмұхамед Қайыржан да болды. Андрей Шутов алғашқы минуттардан-ақ қақпадан орын алды.
Алғашқы кезеңде айдын иелері үстемдік құрды. «Барыс» қарсыласының шабуылын тежеп, сақтық танытты. Дегенмен Кирилл Савицкий Михаил Бердиннен айласын асырды (1-0). Ал сәлден соң Райли Барбер қарсы шабуылдың нәтижесінде гол соғып, елордалық команда 2:0 есебімен алға шықты.
Екінші кезеңде сочиліктер толассыз шабуылдар ұйымдастырумен болды. Сергей Попов Джесси Грэмнің соққысына таяғын сәтті салды. Үш минуттан астам уақыт өткен соң Грэм гол соқты. Осы голдардың арасында кезекті қарсы шабуылды жүзеге асырған Понтус Оберг қақпаны дәл көздеді. Бұл шабуылда Кирилл Никитин нәтижелі пас беріп, ҚХЛ-дағы алғашқы ұпайын жинады.
Соңғы үшінші кезеңде Батырлан Мұратов пен Понтус Обергтің бос қақпаға бағыттаған дәл соққылары қонақтарға ойынды жеңіспен аяқтап, сәтсіздіктер сериясына нүкте қоюға мүмкіндік берді.
«Сочи» – «Барыс» 3:5 (0:2, 2:1, 1:2)
0:1 – 13:55 – Савицкий (Муратов, Шестаков)
0:2 – 18:50 – Барбер (ЛаБейт)
1:2 – 34:52 – Попов (Грэм)
1:3 – 36:18 – Оберг (Никитин)
2:3 – 38:08 – Грэм (Сагадеев, Шиксатдаров)
2:4 – 46:46 – Муратов (Мусоров, Шалапов)
2:5 – 58:42 – Оберг (Нугалиев)
3:5 – 59:58 – Мичков (Грэм)
Қақпашылар: Бердин – Шутов
22-қазанда астаналықтар сапарын «Куньлуньға» қарсы ойынмен жалғастырады.