Венгрия астанасы Будапештте Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының қатысуымен FIDE 45-ші шахмат олимпиадасының 7-ші тур ойындары мәресіне жетті.
Үшінші орынға көтерілген Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасының 8-ші турында Франциямен кездеседі. Айта кетейік, Франция қазіргі таңда төртінші орында, сонымен қатар 12 ұпайы бар.
Үндістан мен Польша көшбасшылық үшін таласады. Үндістанда 14, Польшада 12 ұпай бар.
Бір күндік демалыстан кейін біздің ойыншылар Әзірбайжанның жұлдызды командасымен (2657, No12) сынға түсті. Осылайша, әйелдер арасында (2373, No10) Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман жеңіске жетті. Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қорытынды есеп 3:1, Қазақстан қыздар құрамасының пайдасына аяқталды. Ерлер құрамасына келсек (2513, No41), өкінішке қарай, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан ерлер құрамасы 7-турдан кейін 35-орыннан 46-шы орынға түсіп қалды. Олимпиадада 8-ші турда еліміздің ерлер құрамасы 8 ұпайы бар Бангладешпен ойнайды. Олар кестеде 73-орында. Бүгін сағат 18:00-де 11 турдың 8-ші тур ойындары басталады.