Шахматтан 10-23 қыркүйек күндері аралығында Венгрия астанасы Будапештте өткен Олимпиадада қыздар құрамасы өз тарихында алғаш рет 2-орынға ие болды. Жарысқа биыл 169 команда қатысты. Шахмат Олимпиадасы алғаш рет Венгрияда өтті. Бастапқыда Олимпиада Минск (Беларусь) қаласында өтуі тиіс еді. Алайда талаптардың орындалмауына байланысты Будапештте өтті. Ал Ресей мен Беларусь мемлекеттері жарысқа жіберілмеді. Алғаш рет босқындар құрамасы қатысты.
Жарыс барысында аруларымыз 8 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс нәтижесін тіркеді. Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әмина Қайырбекова турнирді жеңіліссіз аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейінгі 2022 жылда ең үздік көрсеткішіміз 5-орын болатын және 8 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс тіркелді. Ол уақытта Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Гүлісхан Нахбаева және резервте Назерке Нұрғали сынға түсіп, ел намысын қорғаған болатын.