Биыл Германияда өткен Еуропа Чемпионатында бундестим құрамасының Испаниямен өткен ширек финалдық ойынында ағылшындық төреші Энтони Тэйлордың Кукурельяның қолына тиген сәтінде 11-метрлік айып добын белгілемеуі қате шешім болды деп мәлімдеді УЕФА.
Сол кездесу 1-2 есебімен «қызыл фурияның» жеңісімен аяқталып, Германия құрамасы жарыс жолынан шығып қалған болатын. Төрешінің шешіміне қатысты дау тудырған матчтың ақ-қарасы араға үш ай салып анықталып отыр. Еуропа чемпионатынан кейін кәсіби мансабын аяқтаған неміс футболшысы Тони Кросс бұл жағдайға байланысты өз ойын білдірді.
«Қақпашының айып алаңында қақпаға дәл ұшқан доптың Марк Кукурельяның қолына тигенін соқыр адамның өзі көрді. Бірақ, оны УЕФА 3 ай өткеннен кейін байқап, төрешінің қате шешім қабылдағанын енді мәлімдеп отыр. Ұмыт қалдырмай кеште болса мойындағандарына рақмет. Егер, УЕФА төреші қателесті десе, онда мен де өзімді Еуропа чемпионы санауыма бола ма, жоқ әрине. Кімге қажет қазір бұл шешім?» — деп әлеуметтік парақшасында жазба қалдырған Кросс өткен ойынға өкініш білдірді.