Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/4 финалында өнер көрсетті.
Рикардо Кака келесі құрамды алаңға шығарды: Игита, Дәрібай, Лео, Тұрсағұлов, Дуглас – Серіков, Кнауб, Рашит, Абдуманапұлы, Валиуллин, Төреғазин, Ақбалықов, Оразов, Есенаманов.
Ташкенттегі «Хумо Аренада» өткен бірінші таймда соғылған голдардың куәсі бола алмадық. Ал матчтың барлық маңызды оқиғалары кездесудің екінші жартысында өрбіді.
Екінші таймда аргентиналықтар алты гол соғып үлгерді. Бұған құрамамыз Дәурен Тұрсағұловтың голымен жауап берді – 6:1.Осылайша, Аргентина жартылай финалға шығып, Франциямен кездеседі, ал Қазақстан турнирдегі жекпе-жекті аяқтады. Екінші жартылай финалда Бразилия мен Украина құрамалары өнер көрсетеді.
Қазақстан — Аргентина 1:6 (0:0)
Голдар: Роза 22 (0:1), Клаудино 27 (0:2), пенальтиден Арриета 29 (0:3), Корсо 32 (0:4), Тұрсағұлов 34 (1:4), Алемани 34 (1) :5 ), Арриета пенальтиден 36 (1:6)