Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Александр Бублик Бельгияда ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Александр Бублик пен Андрей Голубев 2023 жылдың 22 қазанын ел теннисі үшін ерекше күнге айналдырды. Олар ATP 250 турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған 19 жастағы франциялық Артюр Фиспен шеберлік байқасты.

Франциялық спортшы жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципасты жеңіп кеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Александр екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Осылайша, Александр Бублик ATP турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ол өткен жылы Монпельеде осындвй додада үздік шықса, биыл Галле (Германия) ATP 500 турнирінде топ жарған еді. Енді қазақстандық спортшы жаңартылған ATP рейтингінде үздік 30 теннисші қатарына қайта оралып, әлемнің 30-шы ракеткасы атанады. Бұдан бөлек Антверпендегі жеңіс Бубликке 102 460 еуро сыйақы алуға мүмкіндік берді.

Ал Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандық Юки Бхамбри – ұлыбританиялық Джулиан Кэшпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-украиналық жұп 7:6 (10:8), 6:2 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz