Еліміздің үздік теннисшісі Елена Рыбакина Дүниежүзілік теннис лигасының (WTL) желтоқсан айында өтетін көрме турниріне қатысушылардың тізіміне енді. Турнир 19-22 желтоқсан аралығында (БАӘ) өтеді.
«Сахна орнатылды, жұлдыздар бір жерге шоғырланады! WTL чемпиондарының ең үлкен тізбегіне куә болуға дайындалыңыз: екі Олимпиада чемпионы, бес Үлкен дулыға чемпионы, ерлер арасындағы үздік 12 теннисшінің алтауы және әйелдер арасында үздік он теннисшінің алтауы!», — деп жазды турнирдің әлеуметтік желілеріндегі хабарламасында.
Барлығы 16 қатысушы. Рыбакинадан басқа Мирра Андреева, Даниил Медведев, Андрей Рублев (Ресей), Ига Швентек, Хуберт Хуркач (Польша), Арина Соболенко (Беларусь), Жасмин Паолини (Италия), Барбора Крейчикова (Чехия), Паула Бадоса (Испания), Каролин Гарсия (Франция), Тейлор Фритц (АҚШ), Каспер Рууд (Норвегия), Стефанос Циципас (Греция), Ник Кирьос (Аустралия) және Сумит Нагал (Үндістан) жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, өткен жылы да Рыбакина WTL турнирінде өнер көрсеткен. Соңғы жаңалықтарға келсек, Елена денсаулығына байланысты бірқатар күзгі турнирлерден бас тартты. Ол соңғы кездесуін 28 тамызда АҚШ ашық чемпионатында өткізді.