Қытай астанасында жасөспірімдер арасындағы ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирі мәресіне жетті.
18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында еліміздің бірінші ракеткасы, жасөспірімдер арасындағы әлем рейтингінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов финалда британдық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді. Тайбрейкте бастапқы сет Оливерге бұйырса, келесі екі сетте Әмиір басым түсті – 6:0, 6:4;
Бұл қазақстандық теннисші үшін ITF Juniors сериялы турнирлеріндегі жекелей сында иеленген алтыншы жүлде. Бұған дейін Қарағанды теннис мектебінің түлегі Тайландта (J300), Кореяда (J300), Египетте (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) өткен турнирлерде жеңімпаз атанған болатын.
Бейжіңдегі жетістігінің арқасында Әмир ертең жаңартылған ITF әлемдік жасөспірімдер рейтингінде ТОП 10-дыққа кіреді.