Қонақтағы үшінші кездесуде «Барыс» «Куньлунь Ред Стар» командасын буллитте ұтты.
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында Пекиннің «Куньлунь Ред Стар» клубына қарсы матч өткізді. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Давид Скленичка мен Михаил Рахманов гол соқты. Бірақ елордалық ұжым бұл есепті сақтай алмады. Қытайлық клубтан Нолан Мойл есепті қысқартса, Девин Броссо ойынды овертаймға жалғады. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллитте анықталды. Мұнда, дәлірек айтсақ, елордалық командадан шешуші соққыны Максим Мусоров соқты. Осылайша «Барыс» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу аяқталған соң, баспасөз мәслихатында «Барыс» командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Ғалым Мәмбеталиев ойынға қатысты өз пікірімен бөлісті.
«Ойынға қарап айтарым, тәжірибелі командаға қарсы тұрдық. Онда жігіттер мықты болды. Біз қарсыластың күшті жақтарын талқылап, қарастырдық. Бұл туралы жігіттерге ескерттік. Бүгін айдында хоккейшілеріміз жақсы ойнап, қақпашыға көмектесті. Жігіттер жеңіске лайық болды деп ойлаймын. Біз «Кунлуньның» ойынын талдадық. Сондықтан біз бетпе-бет кездескенде өз ойынымызды көрсетіп, шайбаға иелік еттік», — деді Ғалым Мәмбеталиев.
«Куньлунь РС» – «Барыс» 2:3 (0:1, 1:1, 1:0, 0:0, 0:1)
0:1 – 07:32 – Скленичка (Рахманов, Борисевич)
1:1 – 22:53 – Мойл
1:2 – 24:37 – Рахманов ГМ
2:2 – 53:42 – Броссо (Меркли, Мойл)
2:3 – 65:00 – Мусоров Б
Қақпашылар: Смит – Паскуале
Енді «Барыс» 24 қазан күні сырт алаңда «Автомобилистпен» ойнайды. Қазақстандық клуб 22 матчтан кейін 20 ұпаймен Шығыс конференциясында 11-орында тұр.