Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Олимпиада

Toyota Халықаралық Олимпиада комитетіне демеушілік жасаудан бас тартты

Toyota Motor автомобиль өндіруші корпорациясы Париж ойындары аяқталғаннан кейін Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) демеушілік келісімшартын ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Toyota президенті Акио Тоеда мәлімдеді.

«Парижден кейін ХОК-пен серіктестікті ұзартпаймыз деп шештік. Шынымды айтсам, мен олардың шын мәнінде адамдарды бірінші орынға қоюға ниетті екеніне сенімді емеспін», — деді Акио Тоеда.

Бұл ретте Тоеда Олимпиадаға және Паралимпиадаға қатысқан спортшыларға, сондай-ақ Паралимпиада ойындарына қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыруға уәде берді.

Toyota-мен 835 миллион долларлық келісімшарт 2015 жылы жасалған кезде ХОК тарихындағы ең үлкен келісім болды. Ол Пхенчхандағы 2018 жылғы Қысқы ойындардан басталып, жақында аяқталған 2024 жылғы Париждегі Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дейін жалғасатын төрт Олимпиаданы қамтыды.

Енді Toyota өнімдерінде қолданылатын Олимпиада логотиптері алынып тасталады. 2014 жылдан бері Олимпиадаға демеушілік жасап келе жатқан  жапон шина өндірушісі Bridgestone де ХОК-пен келісімін ұзартпайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Panasonic серіктестіктен бас тартқан.

Japantoday хабарлауынша, үш ірі компаниямен серіктестік тоқтағаннан кейін ХОК жапониялық демеушілерсіз қалды. Ұйым енді Таяу Шығыс пен Үндістанда демеушілік табыстың жаңа көздерін табуға көңіл бөлуі мүмкін.

Panasonic, Toyota және Bridgestone TOP (The Olympic Partner) бағдарламасы бойынша ХОК-пен премиум серіктестікке кірген 15 компанияның қатарында болды.

Айта кетейік, «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының аймақтық өкілі соңғы жеті жылда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің сенімді серіктесі болды. Аталмыш компания биыл наурыз айында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің күнделікті ұйымдастыру жұмыстарына арнап бес Toyota көлігін сыйлаған болатын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz