Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Футбол

Станислав Черчесов: «Аустрия құрамасының ойыншыларына қарап шошудың қажеті жоқ»

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында 10 қазан күні сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Осы орайда футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов алдағы матчқа байланысты пікір білдірді.

— Станислав Саламұлы, ұлттық құраманың дайындық жұмыстары қалай жүрді?

— Дайындық жұмыстары өте күшті өтті. Біз 4-5 күн бұрын жиналып, Аустрияда жақсы күн-райы болды. Жасыл алаң соншалықты сапалы болмаса да біз өзімізге керектіні алдық. Бүгін алғашқы жаттығу жасап, жағдайдың қандай екенін байқап көреміз. Футболшылар үшін барлығы жақсы секілді. Олар өздерін жақсы сезініп отыр. Жаттығу жұмыстары толықтай аяқталған соң, дәрігерлердің қорытындысын күтеміз.

— Ұлттық құраманың Аустрия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуінің себебі неде? Сіздің Аустрия жерін жақсы білетініңіз әсер етті ме?

— Жоқ, бұл идеяны Қазақстан футбол федерациясы ұсынды. Біздің кейбір футболшылар Еуропада тұрады. Оларға осында 3 сағатта келе салу өте тиімді еді. Оларды Алматыға жиынға шақырып, 10 сағат ұштырғаннан пайда жоқ. Сосын, олардың бәрін ертіп алып мында 10 сағат ұшып келер едік. Түк те пайдасыз болғандықтан, керісінше біздің осында келе салғанымыз дұрыс болды. Уақыт ұттық.

— Мысалы, Аустрия құрамасы соңғы екі ойында 55 және 60 пайыз допқа иелік етіпті. Допқа иелеік ету уақыты өте көп командаға қарсы қалай ойнаған дұрыс?

— Допқа иелік ету футболдың негізгі бөлігі емес. Одан бөлек маңызды екі шаруа бар. Біз соларға басымдық беруіміз керек. Егер мүмкіндіктерді молынан пайдалансақ допты көп ұстап жүрудің еш пайдасы болмайды. Қорғанысты отыра беру деген біздің жоспарымызда жоқ. Керісінше шабуылдап, өз ойынымызды жүргіземіз.

Ортадағы ойыншыларға көп нәрсе байланысты ғой. Олар жайлы не айтасыз? Мәселенкей, Конрад Лаймер, Марсель Забитцер және Николас Зайвальд секілді жігіттер Бундеслиганың ТОП клубтарында өнер көрсетеді.

— Иә, ортадағы ойыншылары мықты. Сіз дұрыс айтасыз. Оны бүкіл әлем біледі. Демек, бізге соларды алдап түсіру қажет. Аустрия құрамасының ойыншыларына қарап шошудың қажеті жоқ. Олардың да осал тұсы бар. Тек сол ұсал тұстан әдемі соққы беру керекпіз. Біздің футболшылар да өздерінің деңгейін салыстырып көргісі келеді.

— Құрамада тәжірибиелі әрі жастары келген ойыншылар қазір жоқтың қасы. Мысалы, Малый, Қуат және Бейсебеков ұлттық құрамаға алынбады. 

— Біздің шақырған ойыншылар да жастар емес. Арасында үлкен жігіттер бар. Бізге қазір анау мынандай еді деп жүретін уақыт жоқ. Құрамаға жаңа кандидаттарды шақыра береміз, шақыра береміз. Кім дәл қазір жақсы ойнап жүр соларды шақыртып, үнемі команданы ауыстырып отыратын боламын.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Футбол

«Реал» шабуылшысы Винисиус Джуниордың «Алтын допты» алатыны туралы ақпарат пайда болды. Marca басылымының хабарлауынша, бразилиялық 28 қазанда Париждегі «Шатле» театрында өтетін салтанатты шарада 2023/24...

Су спорты

Muhit жыл сайынғы ең ауқымды су полосынан балалар фестивалі! Мерекені жіберіп алмаңыз! Жас таланттардың үлкен жетістіктерге жету жолын бірге қолдайық. Шабыт пен жігерлену күні!...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

© 2024 insports.kz