17-18 қазан күндері Астанада Олимпиадалық ынтымақтастық жобасы аясында Халықаралық Олимпиадалық комитеттің (ХОК) ұйымдастыруымен Athlete365 Career+ бағдарламасы бойынша семинар өтуде.
Екі күндік арнайы курсқа қысқы және жазғы спорт түрлерінен 50 қазақстандық атлет қатысуда Оқу курсы түрлі тақырыпты қамтитын екі модульден тұрады, олар спортшыларға мансабын аяқтаған соң өз қызметін тиімді жоспарлауды қолға алуға мүмкіндік бермек.
Нақтырақ айтсақ, семинар қатысушылары дәріс берушілермен болашақ мамандықты таңдау және жаңа жұмыс іздеудегі базалық мәселелерді талқылайды. Оның ішінде мықты тұстарын анықтау, түйіндеме жазу және т.б. бар.
Семинарға қатысушылардың арасында атақты спортшылар – Ольга Рыпакова, Сабина Алтынбекова, Елдос Ахметов, Дмитрий Баландин, Надежда Дубовицкая, Илья Голендов және т.б. бар.