Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Тиранадағы әлем чемпионатының жартылай финалында тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті жеңіп, ертең өтетін финалға шықты. Екі палуан арасындағы айқас 12-2 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұл Нұрқожаның спорттық мансабындағы әлем чемпионатының екінші финалы болмақ. Ол 2019 жылы еліміздің астанасында өткен бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген. Бүгін Қайпанов бозкілемге 3 рет шықты. Іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңді.
Еркін күрестен финалдар ертең түнде Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Қарсыласы Жапония немесе Бейтарап атлет болмақ.
Тағы бір балуанымыз Дәулет Ергеш жартылай финал жолдамасына таласты. Еркін күрестен Ұлттық құрама өкілі Дәулет (79 кг) Албания астанасы Тиранадағы әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Біздің палуан үндістандық Сингхқа еш мүмкіндік бермей, жарқын жеңіске қол жеткізді. Есеп: 8-2.
Өкінішке қарай Дәулет ширек финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған грузиялық Автандил Кенчадземен сынғап түсіп, 0:10 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық балуан жарыс жолын аяқтады.