Бүгін, 6 қараша күні Алматыда шайбалы хоккейден Азия чемпионаты басталады. Осы орайда Қазақстан құрамасының капитаны болып Евгений Рымарев тағайындалды. Ал, ассистент ретінде Саян Данияр және Артем Лихотников жұмыс жасайды. Чемпионаттың алғашқы күнінде қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяға қарсы матч өткізеді. Матчтың басталуы 19:30.
Биылғы маусымда 36 жастағы шабуылшы Евгений Рымарев Мәскеудің «Юнисон» командасында өнер көрсетуде.
Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты 6-9 қараша аралығында Алматыда өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары болмақ.
Бапкерлер штабы алдағы турнирге келесі құрамды іріктеп алды.
Қақпашылар: Джелал-ад-дин Әмірбеков (Магнитка, Магнитогорск, ВХЛ), Жәкен Ибрагимов (Сарыарқа), Максим Павленко (Рязань-ВДВ, Рязань, ВХЛ)
Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков («Торпедо», Өскемен), Дмитрий Брюс («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Хакназар Кеңесбай, Кирилл Никитин («Номад», «Астана»), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), «Егор Наместка» », Қарағанды), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент)
Шабуылшылар: Александр Борисевич, Руслан Демин, Евгений Королинский, («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буяльский (СА — бос агент), Владимир Волков, Дмитрий Преснов, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников («Хумо»,). Ташкент) Алексей Зубов, Захар Пархоменко, Ян Тютюнков («Торпедо», Өскемен), Саян Данияр («Номад», Астана), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, ВХЛ)
Бас бапкер – Олег Болякин
Жаттықтырушылар: Владимир Князев, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов