Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева польшалық Мартина Кубкамен бірге Францияның Шербург қаласында өткен ITF W25 сериялы турнирінде жұптық сайыста жеңіске жетті. Финалда Жібек пен Мартина корт қожайыны Ясмин Мансури мен бельгиялық Лара Солденді 6:0, 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, Құламбаева биылғы маусымда ITF жұптық сайысында алтыншы рет чемпион атанды. Жалпы, бұл оның мансабындағы 25-ші титулы. Жуырда Чехия астанасы Прагада ITF сериясы бойынша өткен турнирде 23 жастағы қазақстандық спортшы польшалық Мартина Кубкамен бірге жұптық сайыста да топ жарды.
Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердегі өнерлерін жалғастаруда. Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында Антверпендегі (Бельгия) турнирдің жартылай финалына шықты. Ширек финалда ол Франция өкілі Джованни Мпешти-Перрикарды – 6:4, 4:6, 6:2 есебімен ұтты. Қарсыластар кортта 1 сағат 28 минут өткізді. Кездесу барысында Бублик (АТР рейтингінде 36-шы) 8 эйс жасап, 7 рет қосарланған қателік жіберді. Мпешти-Перрикар (ATP рейтингінде 226-шы) 18 мәрте допты ойынға қосуда қиыс кетіп, 3 қосарланған қателікке жол берді.
Бүгін жартылай финалда елорда уақытымен 19:30-да Бублик тағы бір ширек финалдық жұптың жеңімпазы Максимилиан Мартерермен (Германия, ATP рейтингінде 127-орын) кездеседі.