Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Теннис

Бублик Бельгиядағы ATP 250 турнирінің финалына шықты

Бүгін елорда уақытымен 20:30-да Бублик пен франциялық теннисші Артюр Фис арасында финалдық кездесу өтеді.

Әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірдей брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдылықты сақтап қала алды – 6:4. Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4. Александр Бублик финалда әлемнің 7-ракеткасы, рейтингте 38-сатыдағы франциялық Артюр Фиспен бас жүлдені сарапқа салады.

Бублик үшін бұл оның мансабындағы ATP турниріндегі тоғызыншы финал. Ол биыл Галледе (Германия) өткен ATP 500 жарысында жеңімпаз атанды. Барлығы сегіз финалда өнер көрсетіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.

Сонымен қатар тағы бір қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды. Голубев Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Андрей Голубев пен Денис Молчановтың соңғы бәсекедегі қарсыластары кейін анықталады.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz