Шымкенттік «БИІК» футболдан әйелдер командалары арасында он екінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Шымкенттіктер 16 кездесудің 16-сында жеңіске жетіп, 48 ұпай еншілеп, 129 гол соқты.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі OLIMPBET Қазақстан чемпионатының «Ордабасы» — «Шахтер» матчындағы үзіліс кезінде өтті, оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және «Sport Qory» спортты қолдау қорының бас директоры Асхат Сейсембек қатысты.
Чемпионаттың күміс жүлдегері Түркістан облысының «Томирис-Тұран» командасы болса, үшінші орынды көкшетаулық «Оқжетпес» қыздары қанжығасына байлады. Чемпионат қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:
Үздік қақпашы – Ангелина Портнова («Оқжетпес»);
Үздік қорғаушы – Бибігүл Нурушева («БИІК-Шымкент»);
Үздік жартылай қорғаушы – Карина Жұмабайқызы («БИІК-Шымкент»);
Үздік шабуылшы – Паулин Агботсу («Оқжетпес»);
Үздік ойыншы – Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»);
Үздік бомбардир – Әнел Мамырова – 20 гол («Томирис-Тұран»);
Үздік жаттықтырушы – Бегайым Қырғызбаева («Оқжетпес»).