Свяжитесь с нами

Привет, что ты ищешь?

Бокс

Жасанды интеллект жанжалды Головкин — Канело жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады

Deep Strike жасанды интеллект құралы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады.

Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтіп, 12 раундқа созылды. 12 раундтың соңында төрешілердің басым бөлігі Головкиннің жеңіске жеткенін көргенімен, тең нәтиже (118-110 — Канело, 115-113 – GGG, қорытынды — 114-114) деген шешім шығарды.

Енді, алты жылдан кейін жасанды интеллект бұл жекпе-жекте кім жеңгенін анықтауға тырысуда. Deep Strike талдауы көрсеткендей, Головкин соққылар саны бойынша Канелодан басым түсті: мексикалықтың 217 соққысына қарсы  GGG 300 соққы жасаған. 12 раундтың 9-ында қазақстандық боксшы жойқын соққылар бағыттады. Осылайша Deep Strike Головкиннің (49%) «Канелоны» (24%) жеңгенін көрді. Геннадий жекпе-жекте 12 раундтың 11-інде басымдық танытып, қарсыласына қысым көрсетті. Ал жасанды интелекттің шешімі бойынша соңғы раунд тең есеппен аяқталды.

Қорыта айтқанда, Deep Strike талдауы Головкиннің Канелоға қарағанда көбірек соққылар бағыттағанын, оның қысымы әлдеқайда агрессивті және шешуші болғанын, күшті соққылар саны бойынша басым түскенін көрсетті. Нәтижесінде жасанды интеллект Головкиннің айқын артықшылығын көрді.

Айта кетейік, Deep Strike сонымен қатар 2018 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен Головкин мен Канело арасындағы екінші жекпе-жекті талдап, жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Бірінші жағдайдағыдай жасанды интеллект қазақстандықтың артықшылығын көрді. Бірақ төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.

Нажмите, чтобы прокомментировать

Оставить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вам также может понравиться

Өмір салты

Бұған дейін Дубайдағы әлемдік додада Қазақстанның сәйгүліктері жүлделі орындарға ілінген емес. Алайда тумысынан тұлпар болған Кабирхан деген ат отандастарымыздың мерейін үстем етіп, мейманасын тасытты....

Футбол

Шымкент қаласындағы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командалары жаттығу өткізетін «Цементник» стадионында футбол алаңы жаңарды. Қазақстан футбол федерациясы «ALAÑ» бағдарламасы аясында үшінші жаңартылған футбол алаңының...

Велоспорт

Жыл соңында қорытынды шығару дәстүрге айналған. — Astana Qazaqstan Team үшін өткен жылды қалай бағалайсыз? — Өткен маусымда кездескен және бірнеше рет айтқан көптеген...

Теннис

Бүгін, 3 қаңтар Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы ресми кездесуін өткізеді. Оның Брисбенде (Австралия) WTA 500 — Brisbane...

© 2023 insports.kz